Ақтөбе қаласында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ-кезеңі өткізілуде

Ақтөбе қаласында Республикалық пәндік олимпиаданың  ІІ-кезеңі өткізілуде
07.12.2018 Білім

2018 жылдың 6-7 желтоқсаны күндері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы» 21 қыркүйектегі № 486  бұйрығын орындау мақсатында, қалалық білім беру бөлімінің 29 қазандағы №882 бұйрығы негізінде 8-11 класс оқушыларына арналған ғылым негіздері бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың  ІІ (қалалық) кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың  қоғамдық- гуманитарлық бағыты №39 орта мектебі мен математикалық- жаратылыстану бағыты №17 орта мектебі базасында өткізілді.

Олипиаданы өткізудің  мақсаты: оқушылардың барлық пәндер бойынша білім мен білік деңгейін, қалыптасқан таным түсінік, инттеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік пен алғырлық, тапқырлық, т.б қасиеттері тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау.

Олимпиадаға қатысуға  барлығы  1607 өтініш, оның жаратылыстану-математикалық  циклі бойынша – 770, қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша – 837 өтініш түсті.

Олимпиада екі айналымнан тұрды.  6 желтоқсан күні олимпиаданың бірінші кезеңі өткізіліп, қатысқан оқушылардың барлығы 7 желтоқсан күні болған екінші кезеңге жіберілді.  

Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық қосымша білім беру орталығынан жіберілді.Олимпиада тапсырмасын ашуға №17 мен №39  орта мектебі қамқоршылық кеңесінің ата-аналары мен ардагер ұстаздар тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысты. Әр кабинетке қала мектептерінің ата-аналары тәуелсіз бақылаушы ретінде кіргізілді.

Әділқазылар алқасының мүшелері Қ.Жұбанов, С.Бәйішев атындағы университеті, М.Оспанов атындағы медициналық университетінің  оқытушылары мен доценттері, ғылым негіздерінің докторлары мен кандидаттары, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері болды.
Олимпиада кезеңінің жеңімпаздары қалалық білім бөлімі басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, облыстық кезеңге жолданды.