Ақтөбеде аталар мен аналар ән кешін өткізді

Ақтөбеде аталар мен аналар ән кешін өткізді
06.12.2018 Жалпы

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Қалалық мәдениет Үйінің көрермен залында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаламызда тұңғыш рет зейнеткер аталарымыз бен аналарымыздан құралған «Атамекен» аталар және «Асылым» аналар ән ансамбльдерінің тұсаукесер концерті өткізілді. Оған Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі І.Испанов қатысты.

Концертке қатысушылар зейнет жасына қарамастан, ән айтып, өнерін шыңдап жүрген қариялар. Ансамбль оларды белсенді өмірге, ұжымдық мүддеге, жақсы қарым-қатынасқа жетелейді. 

Қызықты шараның басты мақсаты – кейінгі ұрпаққа өнеге көрсету, олардың рухани бай, тәрбиелі, саналы болып өсуіне ықпал ету, қазақ халқының ән өнерінің өрістеуіне үлес қосу.

Концерт барысында халық әндері, халық композиторларының терең сазды, назды әндері, вальстің королі - Шәмшінің сырлы, сұлу туындылары шырқалды.