Ақтөбеде балапандардың тұсауы кесілді

Ақтөбеде балапандардың тұсауы кесілді
01.12.2018 Жалпы

Қазақтың  салт-дәстүрінде  балаға батаға беріп, тәй-тәй басқан қадамына ақжол тілеп, тұсау кесу – баға жетпес жоралғының бірі. Бүгінгідей ұлық мерекеде – Тұңғыш Президент күнінде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешенінде ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда «Қаз-қаз балам, қаз балам» атты кішкентай балапандардың тұсауын кесу рәсімі болып өтті. 

Мерекелік шараға келген Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов кішкентай бөбектің ала жіпті аттамайтын абыройлы, адал еңбек етіп,  ақ пен қараны танитын әділетшіл, еліміздің үлгі тұтар азаматы болсын деген ниетпен тұсауын кесіп, аттаған қадамына ақ жол тіледі. Қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова, Ақтөбе қаласы Алматы және Астана аудандарының әкімдері, тағы басқа құрметті қонақтар бөбектерді алғашқы қадамдарымен құттықтады.