Ақтөбеде Елбасы туралы фильм көрсетілді

Ақтөбеде Елбасы туралы фильм көрсетілді
28.11.2018 Жалпы

Бүгін, 28 қарашада  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина  университетінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Путь Лидера. Разрывая замкнутый круг» - «Тығырықтан жол тапқан - Елбасы жолы»  атты көркем өмірбаяндық кинофильмнің көрсетілімі болып өтті. Оған университеттің жастар ісі жөніндегі бөлімі, жалпы медицина және қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің 1-курс студенттері, топ  кураторлары қатысты.

Шараның мақсаты – университет студенттері бойындағы патриоттық сезімді күшейту, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту, Елбасының өмірбаянымен таныстыру.

«Путь Лидера. Разрывая замкнутый круг» – «Тығырықтан жол тапқан - Елбасы жолы» бұл – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолын баяндайтын «Путь лидера» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Алғаш жарық көрген «Небо моего детства», «Огненная река» и «Железная гора» атты бөлімдері қалың көрерменнің ыстық  ықыласына ие болды. Аталмыш киноэпопея туған жерге деген ыстық сезімнің жарқын  көрінісі.