Ақтөбеде «Қамқор» акциясы өткізілді

Ақтөбеде «Қамқор» акциясы өткізілді
07.11.2018 Мемлекеттік қызметтер

Үстіміздегі жылдың 6 қарашасында К.Нокин даңғылының айналма тас жолында бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларға белсенді шараларға қатыстыру мақсатында «Қамқор» акциясы өткізілді.
Сонымен қатар, Орталық мамандары «Қамқор» акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасыларына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мүмкіндіктері түсіндірілді. Белсенділермен мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық парақшалар, буклеттер таратылды. Акция барысында 20 ға жуық адамдармен сұхбат жүргізілді.  

Анықтама алу үшін Халықтық кеңсесінің 1 қабатында (Сәңкібай батыр даңғылы, 249) және Жұмыспен қамту орталығында (Ш.Уәлиханов көшесі, 12) жолығуыңызға болады.

Ақпарат телефоны 41-73-29.