Ақтөбеде күзгі сенбіліктер жалғасады

Ақтөбеде күзгі сенбіліктер жалғасады
08.10.2018 Жалпы

Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 5957 қаулысымен қаланы көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру іс-шараларын  өткізу бойынша іс-шаралар  жоспары бекітілді.

Жоғарыда аталған жұмыстарды өткізу барысында  қала мен ауылдық округтерде 2 сенбілік(29-қыркүйек пен 6-қазан) өткізіліп, барлығы 12 856 адам қатысты, 143 арнаулы техника жұмылдырылып, акция басталғалы бері қала тұрғындарынан қалалық қоқыс полигонына 965 тонна қоқыс тегін қабылданды және 2 383  көшет отырғызылды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.