Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді

Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді
07.12.2018 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін, 2018 жылы 7-желтоқсанда Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аталған шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтқанда: жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары өкілдері, Ақтөбе қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері және денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.

Сонымен қатар, аталған шараны өткізу барысында қызмет берушілермен қызметтерді алу процедуралары жөнінде түрлі ақпараттық жадынамаларды, брошюраларды, буклеттерді және кіші баннерларға қажетті ақпараттарды орналастыру арқылы өз қызметтерін ұсынылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік қызметтерді кез келген уақытта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығын түсіндірді.