Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 9 тұлға жұмыспен қамтылады

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 9 тұлға жұмыспен қамтылады
07.11.2018 Мемлекеттік басқарма

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бабының 7 тармағына сәйкес, 2018 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысу бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

2018 жылға жұмыспен қамту органдарымен 9 арнайы жұмыс орындарын құру жоспарланған. Бүгінгі күнгі 6 мекеме арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдіріп отыр. Соның бірі «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігі.

«Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша Чернопрудова Анастасия  Владимировна, 20.09.1990 жылы туған, бірінші топтағы мүгедек, маркетинг мәселесінің менеджері болып жұмысқа қабылданды.

Қазіргі уақытта Анастасиямен еңбек келісім-шарты жасалып, жұмыс күнінің кестесі бекітілген. Анастасия өз міндеттерін орындауға кірісті.