Ақтөбеліктер ҚР Тұңғыш Президент күнін тойлады

Ақтөбеліктер ҚР Тұңғыш Президент күнін тойлады
01.12.2018 Жалпы

Ақтөбеліктер Тұңғыш Президент күнін кең көлемде атап өтті. Бүгін қаланың көптеген аумағында мерекелік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Орталық саябақ пен Арбат бойында жиналған тұрғындарды қала әкімі Ілияс Испанов мерекемен құттықтады.

Ақтөбенің Арбатында бүгін ән шырқалып, қызықты спорттық жарыстармен қыза түсті. Ақтөбеліктер білек күшін сынасып, асық ойнаудан жарысты. Мектеп оқушылары гір көтеріп, өзара сынға түсті. Бәрінен де мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды.

Шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналған жиынға қала тұрғындары көптеп жиналды. Мерекемен құттықтай келген шаһар басшысы Ілияс Испановпен емен-жарқын әңгімелесіп, естелік суретке түсіп жатты.

Тұңғыш Президент атындағы саябақта да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қаладағы этно-мәдени орталықтардың өнерпаздары тұрғындарға ән мен биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады