Аудандар Президент Жолдауын талқылады

Аудандар Президент Жолдауын талқылады
09.10.2018 Мемлекеттік басқарма

Ақтөбе қаласының «Астана» және «Алматы» аудандарының әкімдіктерінде, аудан әкімдерінің төрағалығымен Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша идеологиялық актив өткізілді. Кездесуге қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мекеме басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары қатысты.    Отырыс барысында «Астана» ауданында жеке кәсіпкер Уайсова Гүлшат Кабылбаевна, №47 ОМ Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Истаева Мөлдір Мубаракқызы, Жаңақоңыс ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Сағынай Құсайынов, «Алматы» ауданында "Бексұлтан" ШҚ-ның басшысы Роза Усманова, №55 ОМ Тарих пәнінің мұғалімі - Еркін Тобылбаев, зейнеткер – Төлеу Шектібаев Елбасы Жолдауының басым бағыттары бойынша өз пікірлерін айтып, қолдау білдірді.