Балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға қуаныш сыйлады
08.10.2018 Жалпы

Ақтөбе қаласында «Бақытты бала» жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлерден кең қолдау тапқан «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» әлеуметтік жобасы белсенді түрде жүзеге  асырылуда.   

Бүгін Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен  «Алтын Шатыр» мейрамханасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік концерт өтті. Аталған шараға Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орынбасары Сейтмағамбет Шілманов қатысты. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерлерімен танысып, олардың ата-аналарына жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Түскі асты ұйымдастыруға тікелей  қолдау көрсеткен –«Алтын Шатыр» мейрамхана кешенінің басшысы Танатарова Ақмарал Төлегенқызы