Қандастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі мол

Қандастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі мол
07.11.2018 Жалпы

Үстіміздегі жылдың 3 қарашасында «Қурайлы» мәдениет үйінде жұмыспен қамту органдары өкілдерінің қатысуымен атамекенге оралған қандастарымызбен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жұмыспен қамту органдарының өкілдерімен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында, аз қамтылған отбасыларына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларға тұрақты жұмыс орнына, белсенді шараларға қатысу және жеке кәсібін ашу үшін шағын несие жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Белсенділермен мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық парақшалар, буклеттер таратылды. 

Анықтама алу үшін Халықтық кеңсесінің 1-қабатында (Сәңкібай батыр даңғылы, 249) және Жұмыспен қамту орталығында (Ш.Уәлиханов көшесі, 12) жолығуыңызға болады.

Ақпарат  үшін байланыс нөмірі: 41-73-29.