Металлургтер Елбасы туралы фильмді тамашалады

Металлургтер Елбасы туралы фильмді тамашалады
29.11.2018 Жалпы

Бүгін, 29 қарашада  «Казхром» ТҰҚ АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Путь Лидера. Разрывая замкнутый круг» - «Тығырықтан жол тапқан - Елбасы жолы»  атты көркем өмірбаяндық кинофильмнің көрсетілімі болып өтті. Оған зауыттың жұмысшылары, қызметкерлері, зауыт ардагерлері  қатысты.

Шараның мақсаты – қазақстандық патриотизмді нығайту, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту, Елбасының өмірбаянымен таныстыру.

«Путь Лидера. Разрывая замкнутый круг» – «Тығырықтан жол тапқан - Елбасы жолы» бұл – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолын баяндайтын «Путь лидера» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Алғаш жарық көрген «Небо моего детства», «Огненная река» и «Железная гора» атты бөлімдері қалың көрерменнің ыстық  ықыласына ие болды. Аталмыш киноэпопея туған жерге деген ыстық сезімнің жарқын  көрінісі.

-Елбасы өзінің еңбек жолын металлург болудан бастады, - дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының техникалық қадағалау бөлімінің бақылаушы шебері Диляра Нургожина. Бұл фильм әрбір басшылық сапындағы қызметкерлерге жиі көрсетілгені дұрыс, сондай-ақ өзін дамытқысы келген кез келген адамға жақсы ықпалы сөзсіз, себебі оның үйретері көп, Елбасының кәсіби металлургиядан бастап ел өміріндегі маңызды оқиғалардың ортасында жүруі, Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында сіңірген еңбек жолы – әрбір отандасымызға үлгі-өнеге. Сондықтан да металлургтер бұл фильді бір деммен, қызыға қарап шықты.

«Казхром» ТҰҚ АҚ филиалы, сондай-ақ Еуразиялық топтың басқа да кәсіпорындары Мемлекет басшысының саясатын белсенді қолдайды және оның бағыттары мен ұстанымдарын қуаттауға әзір, сондықтан да бүгінгі жұмыс орнындағы фильмнің көрсетілімі – металлург мамандығының беделін көтеруге және жас қызметкерлерге дұрыс бағдар беруге, бағыттауға себепші болды.