Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі  комиссияның кезекті мәжілісі өтті
06.12.2018 Мемлекеттік басқарма

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында а.ж. 6 желтоқсанында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі қалалық комиссияның кезекті мәжілісі өтті.

Күн  тәртібінде  келесі  сұрақтар  қаралды:

Әлеуметтік салада мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі туралы «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Нурия Әбләкімова баяндады.

Ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы, сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетуде және субсидиялар бөлуде бюджеттік қаражаттын жұмсалуы туралы   «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мұрат Түкбулатов ақпараттандырды.  

Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, сонымен бірге мемлекеттік мекемемен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарының сақталуы туралы «Ақтөбе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Руслан Төреғали баяндама жасады.

Күн тәртібіне шығарылған сұрақтарды талқылап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік мекемелердің басшыларына мемлекеттік мекемелердің Интернет ресурстарында қолжетімді түрде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша ақпарат орналастыруды ұйымдастыру (анықтама, рұқсатнама, жолдама алу үшін қажетті құжаттар тізімі, сонымен бірге қызмет көрсетудің мерзімі) тапсырылды.

Сенім телефондарын көрсете отырып, хабарландырулар көрсетілген тақтайшаларды үнемі жаңартып түру керек. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу қажет.

Күн тәртібінде  бекітілген сұрақтарды қарауды қорытындылай келе, қала әкімі мен комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде нақты тапсырмалар берілді.